Елімізде жыл басынан бері 13 жаңа балабақша ашылды
18.02.2024 14:12
Фото:
©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ
Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері еліміздің аймақтарында 1500 орынға арналған 13 жаңа мектепке дейінгі ұйым ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, жыл соңына дейін жаңа балабақшалар ашу және оның желісін кеңейту арқылы 77 мыңға жуық орынға дейін жеткізу жоспарлануда.
- Соңғы бес жылда балабақшаға жолдама алу үшін кезекте тұрғандар саны екі есеге қысқарды. Бүгінде 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту 91 пайызды құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 92,5 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді департамент директоры Манар Адамова.
Айта кетсек, бүгінгі таңда елімізде барлығы 1 миллионға жуық баланы қамтитын 11 346 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз:
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

