Жетісу облысының әкімдігі

Елімізде жүзге жуық елдімекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

«Талдықорған - Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы биылғы жылдың қыркүйек айында толық аяқталмақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жаңа газ желісі Жетісу облысындағы 84 елді мекен табиғи газбен қамтиды деп күтіліп отыр. Магистралды газ құбыры 302 шақырымды құрап, желінің бойында 6 автоматтандырылған газ тарату станциялары салынып жатыр. Қазіргі уақытта станциялардағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. 

Бүгінгі күнге төрт станцияның технологиялық құрал-жабдықтары сынақтан өткізілді. Жақында тағы 2 станцияда сынақ жұмыстары жүргізіледі. Магистралды газ құбыры құрылысын аяқтау мерзімі 2026 жылдың соңы деп белгіленген болатын. Дегенмен жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескеріп, оған күш жұмылдырудың арқасында мерзімінен 1 жыл 4 ай бұрын, яғни алдағы қыркүйек айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде 84 елді мекен көгілдір отынмен қамтылып, 440 мыңдай тұрғын газға қосылуға мүмкіндік алады. Қазір аудан әкімдігімен бірге АГТС-тан елді мекендерге газ құбырын тарту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұдан соң елді мекендерге көгілдір отын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады, - магистралды газ құбыры басқармасының директоры Руслан Сүйіндіков.