Жаңалықтар

Елімізде журналистика мамандығында 5000 студент оқиды

Елімізде журналистика мамандығында 5000 студент оқиды
Фото: ©pixabay.com 06.06.2024 11:25 309

Сенат депутаты Әлішер Сатвалдиев болашақ журналистердің білім алуына қатысты мәселені қозғап, Ғылым және жоғары білім вице-министріне сұрақ жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фактілер жеткілікті болғанымен, сары баспасөзге тән материалдар көбейгені байқалады. Аналитикалық материалдар өте аз. Бұл жағдай журналистерді дайындау процесінде олқылықтар барын білдірмей ме? Болашақ журналистер ЖОО-ларда заманауи талаптар мен бүгінгі қалыптасқан жағдайдың шынайы болмысы туралы білімді қаншалықты толық алып жатыр? Олардың оқу бағдарламаларын қайта қараудың қажеттілігі бар ма? - деп сұрады депутат.

Дархан Ахмед-Заки қазіргі таңда журналистика бағыты бойынша 35 ЖОО-да дайындық жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұл салада 5700-дей адам оқып жатыр. Бакалавриатта – 5300, магистратурада – 295, докторантурада – 47. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша 1800 адам білім алып жатыр. Біздегі оқу бағдарламаларының реестрі ішінде 105 оқу бағдарламасы тіркелген. Бакалавриат бағыты бойынша – 66, магистратурада – 32. Қазір журналистерге қойылған талаптар кәсіби стандарттар арқылы жүзеге асады, - деп атап өтті ол.

Вице-министрдің сөзінше, оқу бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта шетелдік серіктестермен бірге де оқу бағдарламаларының ішкі мазмұнын жаңарту жұмыстары жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға