Жаңалықтар

Елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады

Елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 12.11.2024 16:56 354

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы жұмыспен қамтылғандардың статистикасын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бюро мәліметінше, 2024 жылғы III тоқсанда әртүрлі салаларда 9 233,8 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 7 020,1 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76%) жалдамалы қызметкер болса, 2 213,7 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 24%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65,2% құрады.

Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1% құрады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы қазан айының соңына 298,9 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,1%-ын құрады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға