Жаңалықтар

Елімізде жұмыссыздар саны артып барады

Елімізде жұмыссыздар саны артып барады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 12.12.2023 11:05 730

Қазақстанда жұмыссыздар саны артып келеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 206,6 мың адам болды. Оның 186 мыңына  биыл төлем алғаш рет тағайындалған.

Төлемдердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңгеге жетті. Ал осыдан бір ай бұрын жыл басынан бері жұмыстан босатылған қазақстандықтардың саны 19,7 мыңға аз болған.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға