Жаңалықтар

Елімізде жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін

Елімізде жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін
Фото: © Pixabay.com 25.06.2024 23:40 483

Уақыт белдеуінен ауысуына байланысты Қазақстанда жұмыс уақыты өзгеріп, бір сағат ерте басталуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өз сөзінде министр бұл бойынша ведомствоға көптеген хат келіп жатқанын және оларға міндетті түрде жауап берілетінін жеткізді. 

Бізге уақыт белдеуіне қатысты көп хат келіп жатыр, оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар. Ал жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғы түскенше жұмыс істемеуі үшін жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарай алады. Ол - күрделі шешім емес. Жұмыс беруші мен жұмысшы келісе алады. Жеке меншік және бюджеттік мекемелерге жұмысты бір сағат ерте бастауға ұсыныс бердік. Екі тараптың бірлесіп шешуі Еңбек кодексінде жазылған, - деді Светлана Жақыпова.  

Еске салсақ, 1 наурыздан бастап Қазақстанның барлық өңірі бір уақытқа ауысқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға