Биыл еліміздің сегіз ірі демалыс аймағында, атап айтқанда, Баянауыл, Катонқарағай, Каспий теңізі жағалауы, Балқаш пен Алакөл көлдері (Алакөлдің Абай және Жетісу облыстарындағы жағалауы), Қапшағай және Щучье-Бурабай курортты өңірлерінде кешенді түгендеу жүргізілген.
Талдау нәтижесінде инженерлік инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, бейберекет сауданы реттеу, жағажайларды аймақтарға бөлу, электрмен үздіксіз жабдықтау, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және құтқару бекеттерінің санын көбейту қажет екені белгілі болды.
Сонымен қатар ішкі және келу туристік ағынның тұрақты өсімі байқалып отыр. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 3,9 млн отандық турист қонақ үй және басқа да орналастыру орындарының қызметін пайдаланған (2024 жылғы сәйкес кезеңде – 3,4 млн адам), 7,5 млн шетелдік турист Қазақстанға туристік мақсатпен келген. Сонымен бірге, туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 592 млрд теңгеге жетті. Ал орналастыру орындары 151 млрд теңге көлемінде табыс тапты. Елімізде бір мезетте 232 мың адамды қабылдай алатын 4 442 орналастыру нысаны жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік 2025-2028 жылдарға арналған курортты өңірлерді дамыту жөніндегі Жол картасының жобасын әзірледі. Жобаға 141 іс-шара енгізілген. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден және жеке инвестиция есебінен қаржыландыру көзделген.
Кеңес 25 қыркүйекте Маңғыстау облысында өтетін Халықаралық туристік форум аясында ұйымдастырылды.

