Жаңалықтар

Елімізде жазда электр энергиясы қымбаттайды

Елімізде жазда электр энергиясы қымбаттайды
Фото: Pixabay.com 27.04.2023 13:30 1000

ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Қазақстанда жазда электр энергиясы қымбаттауы күтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жазда тарифті 10-30% өсіру күтілуде. Әр өңірде әр түрлі болады. Екібастұзда 108%-ға өседі, біз олай ете алмаймыз. Біз бірнеше есе түсірдік, талқылап жатырмыз, тарифтер халыққа қолайлы болу керек. Бұл ретте біз ресурстарды үнемді пайдалануымыз керек. Белгілі бір пайалану шегі болуы керек, орташа тұтынудан жоғары болған жағдайда басқаша тарификация болады, - деді Қуантыров сәрсенбідегі мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, қай өңірде тарифтің қалай өсетіні желілердің тозығына байланысты белгіленеді.

Тағы бір айта кететіні, неге тарифті биыл көтеру жоспарлануда – себебі ТҮКШ қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі, бұл дегеніңіз жалақысы бірнеше есе төмен бірнеше жүздеген адам. Олар слесарьлар, сантехниктер, олар желілерді сапалы ауыстыру жұмыстарын жүргізулері керек, біз бен сіздің қауіпсіздігіміз соған байланысты, - деп мәлімдеді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға