Елімізде жатыр мойны обырынан 600-ден аса науқас көз жұмады
18.01.2025 21:14
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Қазақстанда жатыр мойны обырынан жыл сайын 600-ден аса науқас көз жұмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өкінішке қарай, бұл дертпен ауыратын науқастар саны азаймай тұр.
ДСМ мәліметінше, қазір 16 998 әйел осы сырқатпен есепте тұр. Жыл сайын 600-ден аса науқас көз жұмады. Дегенмен 2006 жылы обырдың дәл осы түріне екпе ойлап табылғанын ескерсек, дер кезінде тексерілген әрбір әйел аурудың алдын ала алады.
Дәрігерлерді алаңдатып отырған тағы бір мәселе - дерттің жастар арасында белең алып келе жатқаны. Мамандардың сөзінше, соңғы уақытта 20 жастағы, тіпті 22-23 жастағы науқастар осы дертке шалдығатын болған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

