Елімізде жарты жылда 100 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ
02.08.2024 09:22
419
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда жұмыспен қамтуды қолдау бойынша тиімді шаралар іске асырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЕХӘҚМ мәліметінше, 315 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтуды белсенді қолдау шараларымен қамтылған. 231 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылса, оның 98 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орнына ие болды.
36 мыңнан астам жұмыссыз азамат онлайн-оқытудан өтті, оның 33 мыңға жуығы курстарын аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасы 38 мың адамды қамтыды, әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 4 мыңнан астам грант берілді.
2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес еңбек нарығын дамыту бойынша жаңж шаралар іске асырылды, 200 мыңға жуық сапалы жаңа жұмыс орны ашылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
University Bridge халықаралық шараға айналмақ