Жаңалықтар

Елімізде жалға берілетін баспана арзандады

Бір аптада тарифтер төмендеген
Елімізде жалға берілетін баспана арзандады
Фото: Krisha.kz 02.12.2022 10:50 817
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы біртіндеп түсіп келеді, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Krisha.kz басылымының жазуынша, мониторинг жүргізілген 11 қалада қарашаның 24-і мен желтоқсанның 1-і аралығындағы бір аптада тарифтер төмендеген.

Соның ішінде: Оралда – 6,2 пайыз, 1 шаршы метрі 2 708 теңгеге дейін; Қостанайда – 4,7 пайыз, 3174 теңгеге дейін; Петропавлда – 4,7 пайыз, 2600 теңгеге дейін; Алматыда – 3,1 пайыз, 6250 теңгеге дейін; Астанада – 2,5 пайыз, 4062 теңгеге дейін.

Сарапшылардың сөзінше, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жалға алу бағасы қыркүйектің басындағы деңгейге жеткен жоқ.

Ең үлкен алшақтық Қостанай (+24,6 пайыз), Павлодар (+16,9 пайыз), Алматы (+16,1 пайыз), Астана (+11,7 пайыз) қалаларында байқалды.

Қарағандыда, Ақтөбеде, Ақтауда, Атырауда дерлік қалыпқа келді деуге болады, қыркүйекпен салыстырғанда айырмашылық 5 пайыздан аспайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға