Жаңалықтар

Елімізде жаңадан үш партия тіркеліп жатыр

Одан бөлек, 13 партияны тіркеуге өтініш түскен
Елімізде жаңадан үш партия тіркеліп жатыр
Фото: egemen.kz 19.09.2022 21:05 2041

Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Бүгінде 3 партия тіркеу рәсімінің бірінші кезеңінен өтті. Қазір болашақ партиялар съезді өткізу және партия активін қалыптастыру сатысында. Қолданыстағы заңға сәйкес, партияны тіркеу үшін оның құрамында кемінде 20 мың партия мүшесі болуы керек. Сонымен қатар еліміздің әр өңірінде кемінде 600 партия мүшесі болуы тиіс», - деді Қанат Мусин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрдің айтуынша, бүгінде «Халық дербестігі» партиясы съез өткізіп, өз мүшелерінің тізімін ұсынды. 

Одан бөлек «Намыс» және «Байтақ» партиясы съез өткізу сатысында тұр.

«Тіркелуге ниетті басқа да партиялар бар. Бірақ олар тіркелу рәсімінен өткен жоқ. Себебі олардың құжаттары заң талаптарына сәйкес келмейді. Жалпы 2019 жылдан бастап 18 саяси партия ретінде тіркеуді сұраған хабар келіп түсті. Тек 2019 жылдың өзінде 5 партия өтініш берді. Бірақ бүгінде олардың өтініші күшін жоғалтты. Енді 13 партия бар, оның 3-і туралы жоғарыда айтып өттім. Қалған партиялар бойынша ұйымдастыру процесі жүріп жатыр», - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға