Жаңалықтар

Елімізде вандализмге қарсы петиция жасалды

Елімізде вандализмге қарсы петиция жасалды
Фото: instagram.com/ryzhiyden 14.11.2023 12:15 1066

Қоғам белсенділері вандализмге қарсы петиция жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Вандализм — өнер, мәдениет туындысын, тарихи ескерткіштерді, молалар мен діни ғимараттарды, табиғат нысандарын, қоғам мен мемлекет меншігіндегі басқа да мүлікті қасақана қирату. Мұндай нысандардың сыртына таңба, сурет салу, шимайлау, лас нәрсе жағу, қайтыс болған адамның сүйегін қорлау да вандализмге жатады.

2023 жылы вандализмнің 1200 фактісі анықталды. Олардың назардан тыс қалғаны қаншама?! Ыбықты Сай, Жұмбақтас, Тамғалы Тас орындарының және Сарайшық қалашығының жағдайы көңіл құлазытады. Адамдар өздерінің аттарын үлкен әріптермен жазып кетеді. Ал мұның барлығы тарихи мекен, олар үшін – біз жауаптымыз. Соны түсінтіндер қатары азаяр емес.

Мысалы, бір ғана Алматының өзінде жыл басынан бері тәртіп сақшылары қала меншігіне – қоқыс жәшіктеріне, ойын алаңдарына залал келтірудің 175 дерегін анықтады, оның ішінде 52-сін кәмелетке толмағандар жасаған.

Одан қалды зираттардағы қоршауларды ұрлау да жиілеп кеткен.

Осы орайда қоғам белсенділері бірқатар нақты шара қабылдап, вандализмге қарсы петицияға қол қоюға шақырды:

  1. Барлық тарихи, табиғи және мәдени орындарды жауапсыз адамдардан қорғау маңызды. Киелі орындарда күзетуді, бейнебақылауды қамтамасыз ету, қоршаулар орнату.
  2. Тамғалы-Тас трактаты сияқты қасиетті нысандардың көпшілігі елді мекендерден алыс орналасқан. Оларды күзету үшін полицейлердің, экология департаменттерінің және өзге де мемлекеттік органдардың мамандарының қатысуымен тұрақты көшпелі патрульдерді қарастыру қажет.
  3. Біз адамдарға вандализмнің зияны туралы айтуымыз керек. Біз тарих пен мәдениетті қорғаудың қаншалықты маңызды екенін нақты көрсетуіміз керек. Адамдарға ұлттық мұраны сақтау үшін не істеу керектігін түсінуге көмектесейік.
  4. Вандалдарды тоқтату үшін жазаны қатаңдату керек. Қазір ескерткіштерді бүлдіргені үшін 50-ден 160 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Алайда азаматтардың өздері бұл жеткіліксіз деп санайды. Адамдар бір нәрсені бұзбас бұрын үш рет ойлануы үшін бұл жазаларды қылмыстық жауапкершілікке дейін қатайту керек.
  5. Кадрлар тапшылығы мәселесін шешу керек: археологтар, реставраторлар, геологтар, ландшафт сәулетшілері және басқа сарапшылар. Тарихи, табиғи және мәдени ескерткіштерді қорғау жүйесінде тым аз адамдар жұмыс істейді. Бұл жалақының төмендігімен және материалдық-техникалық жабдықтардың аздығымен байланысты. Орталық және жергілікті билік бұл мәселені шешуі керек.
  6. Әрбір азамат вандализм фактілері бойынша өтініштер жібере алатын, фото және видео дәлелдер қоса алатын арнайы сайт құру қажет. Бұл өтініштер автоматты түрде құқық қорғау органдарына түсуі керек.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға