Елімізде үш республикалық маңызы бар жол жабылды

25 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап аумақтағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 260 арнайы техника мен 574 маман жұмылдырылды.
