Елімізде тұрғын үй құрылысын дамытуға 500 млрд теңге бөлінеді
04.03.2025 11:56
Фото:
©El.kz/Артем Чурсинов
Үкімет отырысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев биыл елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 2025 жылдың нысаналы көрсеткішіне қол жеткізу үшін 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 млрд теңге қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталатынын атап өтті.
Атап айтқанда:
- 21 мың жалға берілетін пәтерлерді сатып алу үшін 300 млрд теңге;
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 120 млрд теңге;
- Отбасы Банкінің «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламалары бойынша 80 млрд теңге бөлінеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

