Жаңалықтар

Елімізде цирк виртуоздарының жұлдызды шеруі өтеді

Елімізде цирк виртуоздарының жұлдызды шеруі өтеді
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 10.07.2024 13:44 434

Алматыда 24-28 шілде аралығында ALMATY Circus FESTIVAL II Халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, оған Қазақстан, Қытай, Жапония, Португалия, Аргентина, Бразилия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Якутия, Қырғызстан және Эфиопиядан үздік өнерпаздар қатысады.

Халықаралық цирк фестивалі аясында алматылықтар мен қала қонақтары эквилибристердің, акробаттардың, әуе гимнасттарының, арқанмен жүрушілердің және жонглерлердің үздік қойылымдарын тамашалай алады. Армения мен Италиядан келген әлемге әйгілі сайқымазақтар да көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлайтын болады. Құны 2000-6000 теңге болатын билеттер сатылымда.

Фестиваль жеңімпаздары мен финалистері Алматыда тағы бір ай қалып, әр демалыс күндері аты аңызға айналған Қазақ мемлекеттік циркінің манежінде сағат 16:00-де өнер көрсетеді, - делінген мәліметте.

Алматыда Халықаралық цирк фестивалі алғаш рет былтыр өткен еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға