Жаңалықтар

Елімізде төрт газ өңдеу зауыты іске қосылады

Елімізде төрт газ өңдеу зауыты іске қосылады
Фото: ©Pixabay.com 16.07.2024 10:35 2312

Қазақстанда 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен төрт газ өңдеу зауыты іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің болжамды балансына сәйкес, Қазақстанда тауарлық газ өндіру көлемі тұрақты өседі: 2023 жылғы 22,5 млрд м3-ден 2030 жылға қарай 36,6 млрд м3-ге дейін. 1,6 есеге арттыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жаңа газ кен орындарын барлауға және игеруге инвестициялар тарту шеңберінде QazaqGaz бен Chevron арасында Ақтөбе облысындағы Жәлібек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

Тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту Жол картасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Жол картасын жүзеге асыру аясында 2023 жылы Рожковское, Шығыс Өріктау, Анабай кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

2026-2030 жылдар аралығында төрт газ өңдеу зауытын кезең-кезеңімен іске қосу басталады: 

Қашаған кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 1 және 2,5 млрд м3 2 зауыт (Катар инвесторы UCC Holding тартылды);

Қарашығанақ кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 4 млрд м3

Жаңаөзен қаласында қуаты жылына 900 млн м3 газ өңдеу зауытын салу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға