Елімізде тоғыз айда жол апатынан 1 754 адам қаза тапқан
Биыл елімізде 19302 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 26 703 адам зардап шеккен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мәліметінше, ЖКО салдарынан қаза тапқандардың 230-ы кәмелетке толмаған бала, 486-сы – әйел, 1 268-і – ер адам.
Жол апаты жиі болатын аймақтар:
Алматы қаласы – 3 869,
Алматы облысы – 2 118,
Астана қаласы – 1 220,
Жамбыл облысы – 1 181,
Шымкент қаласы – 1 122.
ЖКО-ның 95%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен болады, оның 451-і алкоголь немесе есірткіге мас күйде болған.
Адам өліміне әкелетін ЖКО-ның 60%-дан көбі қала маңындағы жолдарда болады.
Апаттардың көбеюіне негізінен жүргізушілердің жылдамдық режимін асыруы, басып озу қағидаларын сақтамауы, шаршаңқы күйде жолға шығуы себеп болатыны анықталды.