Елімізде өткен тәулікте 211 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 211 жағдай тіркелді, деп хабарлайды El.kz.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, е лімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 391 372 жетті.
Өткен тәулікте анықталғандардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 37,
Алматы қаласында - 22,
Ақмола облысында – 33,
Ақтөбе облысында – 2,
Алматы облысында - 2,
Жетісу облысында - 1,
Атырау облысында - 7,
Шығыс Қазақстан облысында - 7,
Абай облысында - 2,
Жамбыл облысында - 1,
Батыс Қазақстан облысында - 10,
Қарағанды облысында - 32,
Ұлытау облысында - 4,
Қостанай облысында - 18,
Қызылорда облысында - 1,
Маңғыстау облысында - 2,
Павлодар облысында - 8,
Солтүстік Қазақстан облысында - 18,
Түркістан облысында 4 науқас тіркелді.