Жаңалықтар

Елімізде Тәжікстанның мәдениет күндері ұйымдастырылады

Елімізде Тәжікстанның мәдениет күндері ұйымдастырылады
Фото: Ақорда 04.05.2023 12:56 1154

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, соның ішінде өзара тауар айналымын арттыруға, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және цифрландыру салаларындағы қатынастарды дамытуға баса мән берді. Сондай-ақ білім беру, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.

Қазақстанда тәжік халқына ерекше құрметпен қарайды, сондай-ақ достық, бауырластық және өзара қолдау рухындағы ынтымақтастығымызды нығайтуға айрықша мән береді. Сондықтан бұл сапар өте маңызды. Жаңа ғана сіздің сапарыңызды тарихи сапар деп атап өттік. Өйткені ол елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарады. Екі ел арасында одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияға қол қойылады. Бізді алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Себебі одақтастық қарым-қатынас аясында жаңа стратегиялық жобалар жүзеге асырылады. Біз жаңа ғана екі немесе үш ірі стратегиялық жоба әзірлеу қажет екенін айттық. Екі ел үкіметтеріне осы міндетті жүзеге асыру жөнінде тапсырма бердік. Жақын арада екіжақты қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы екі ел арасында барлық деңгейде сенімді саяси диалог жолға қойылғанын алға тартты. Президенттің айтуынша, түрлі сала бойынша 100-ден аса келісімшарттан тұратын маңызды келісімшарттық-құқықтық база бар. Сонымен қатар тауар айналымын арттыру жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру үшін белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқаны тілге тиек етілді.

Бұдан бөлек мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселесі де талқыланған.

Орта ғасырдағы әйгілі ғұлама, философ әрі шипагер Әбу Әли ибн Синаның ескерткішін ашу жоспарланып отыр. Осы жетістіктердің бәрі екі ел халықтарының ерекше ықыласына ие болады және өзара тығыз қарым-қатынасымыздың жарқын үлгісі саналады. Біз елімізде Тәжікстанның мәдениет күндерін өткізу жөнінде уағдаластық. Мәдениет күндері аясында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері де таныстырылады. Мұны аса маңызды іс-шара деп санаймын, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға