Елімізде тағы бірнеше жол учаскесі ақылы болуы мүмкін
26.01.2025 14:33
Фото:
ҚазАвтоЖол
Қазақстанда бірнеше автомобиль жолы учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Интернеттегі Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобаларына сәйкес, мына жол учаскелерін ақылы ету ұсынылып отыр:
Балқаш – Бурылбайтал;
Ақтау – Бейнеу;
Қандыағаш – Мақат;
Қостанай – Денисовка;
Тараз қаласын айналып өтетін жол;
Үшарал – Достық;
Шу – Бурылбайтал.
Бұл жобалар Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған және 2025 жылдың 4 ақпанына дейін талқылауға қатысуға болады.
Министрлік өкілдері бұл өзгерістердің жолдардың сапасын жақсартуға және олардың тұрақты күтіміне бағытталғанын атап өтті.

