Air Astana 16 тамызда Ақтөбеде Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсықтық тірегіндегі бекітпе зақымданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Компания дерегінше, Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша КС866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін баламасыз тоқтатылды. Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды.
Жөндеу жұмыстарын орындау үшін ұшақты жолаушыларсыз Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданды, алайда елордалық әуежайдың түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания айдау рейсін 19 тамызға қалдыруға мәжбүр, - делінген мәліметте.
Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы басқа ондаған рейстің кешігуіне әкеп соққан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

