Жаңалықтар

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасына қатысты сот ісі басталды

«MMK Investment» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды
Елімізде тағы бір қаржы пирамидасына қатысты сот ісі басталды
Фото: aikyn.kz 10.08.2022 15:50 1378

ҚМА елордалық департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания атын жамылған «MMK Investment» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды El.kz

Мұндай компаниялардың өкілдері салымшыларды ең аз $50 инвестициямен тарта отырып, күнделікті жоғары табысқа, әкелінген әрбір клиент үшін қосымша % төлеуге уәде береді. Жеке шоттағы әрбір салым сомасы шарт жасамай «цифрлық түрде» көрсетілді.

Сонымен қатар, мұндай жалған қаржылық ұйымдардың клиенттерінің инвестицияланған қаражатты алу мүмкіндігі жоқ, тек шотты толтыру бар. «MMK Investment» компаниясының заңсыз қызметі әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланды. 

«MMK Investment» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілмейді.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға