Жаңалықтар

Елімізде сүт тапшы: фермерлер дабыл қағып жатыр

Елімізде сүт тапшы: фермерлер дабыл қағып жатыр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 31.07.2023 11:56 946

Қарағанды облысының кәсіпкерлері шикі сүт тапшы деп дабыл қағуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл жағдай өндірістерді құрғақ сүт және Ресейден шикізат алдыртуға тәуелді етеді. Бұл өз кезегінде өндіріс көлемінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Өңірде жағдай реттелмесе, онда сүт өндірушілер өндіріс көлемін төмендетуге мәжбүр болады. Тіпті кейбір компания жұмысты тоқтатып, жабылып қалуы да ықтимал. Сүттің тапшылығы біздің өңірде ғана емес бүкіл Қазақстан бойынша байқалып жатыр, – деді «Қазақстан фермерлері одағы» РҚБ төрағасы Игорь Жабяк.

Кәсіпкерлердің сөзіне қарағанда, сапа мен бағаға қатысты да қиындықтар да бар. Олар кейінгі бес жылда шаруа қожалықтардан келетін сүт көлемі төмендеген. Тиісінше шикі сүттің жеткіліксіздігін техникалық регламент бойынша пайдалануға рұқсат етілген құрғақ сүтпен алмастыруға тура келеді. Табиғи шикізаттың жетіспеушілігі тіпті жазда да құрғақ сүтпен алмастырылады. Ал құрғақ сүт шетелден әкелінеді, отандық кәсіпкерлер көрші ел белгілеген бағаларға тәуелді болады. Дегенмен Ресей өзге елдермен тиімді келісімдер жасайтын болса, онда біздегі жағдай тіптен қиындап кетеді.

Қазір жағдай тұрақты, өйткені Ресейде сүт көп, сондықтан баға төмендеп кетті. Алайда бұл қысқа мерзімде ғана болатын көрсеткіш. Дегенмен біз отандық өндіріске дамуға мүмкіндік бермейміз деген сөз. Сүт көлемі өсіп жатқан жоқ. Ертең Ресей Үндістан, Алжир, Африка елдерімен тиімді келісімшарттар жасасса, жағдай күрт өзгеруі мүмкін. Біз құрғақ сүтке тәуелді болдық, тәуелді болып қаламыз. Бұған қоса Ресей шикі сүтті молынан ұсынып отыр. Олар шикізатты солтүстік өңірлерге жеткізіп жатыр. Ал біздің фермерлер сүт бағасы бойынша көрші елмен бәсекелесуге дайын емес. Нарық жағдайында біздің фермерлер бәсекеге қабілетті емес, – деді «NBK-A» ЖШС басшысы Сәуле Жанкина.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға