Жаңалықтар

Елімізде су тасқынынан кейін 48 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды

Елімізде су тасқынынан кейін 48 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды
Фото: t.me/ortcom_kz 03.05.2024 10:30 387

ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп қазіргі су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты ұсынып, 5 961 адам эвакуациялау пункттерінде қалып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8 189 тұрғын үй мен 2 977 аула аумағынан су сорып, шығарылды. 13,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атырау қаласында бөгегіш бондары орнатылып жатыр. Жайық өзені жағасының сумен шайылуының алдын алу үшін мұнай-газ компаниясының күштері мен құралдары жұмылдырылып, ұзындығы 600 метр теңіздің бөгегіш бондары жағаға жақын орнатылды, - деді ТЖМ өкілі Асқар Шәріп.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан Алтай ауданының Зубовск ауданында 24 аула аумағын су басты.

Бөгеттерді бекіту және су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде. Бұқтырма өзенінің су деңгейі төмендеді. Өзеннің су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда, - деді спикер.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам, 1 523 техника, 244 су сору құралы және 79 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға