t.me/ortcom_kz

Елімізде студенттік омбудсмендер институты жүйелі түрде дамып келеді

28.08.2025 22:13

Қазақстанда үш жыл бұрын құрылған Студенттік омбудсмендер институты бүгінде жастардың құқықтарын қорғап қана қоймай, олардың күнделікті өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты істермен айналысып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында Алматы қаласының студенттік омбудсмені Айболат Сембиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде Студенттік омбудсмендер бар. Сонымен қатар, университеттердің ішінде студенттік омбудсмен мектебі құрылған.

Біздің жұмысымыз тек шағым қабылдаумен шектелмейді. Студенттермен ашық әрі сенімді диалог мәдениетін қалыптастыру – басты мақсатымыздың бірі, – дейді А.Сембиев баспасөз конференциясы барысында.

Омбудсмендер жұмысының маңызды бағыты – жыл сайын жатақханаларға мониторинг жүргізу, студенттердің тұрмыс жағдайын жақсарту, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу. Спикердің айтуынша, қазіргі таңда жатақханаға өтінім қабылдау үдерісін онлайн форматқа толық көшіру көзделген.