Жаңалықтар

Елімізде соңғы 3 жылда 1,5 миллионға жуық әйел кішкентайлы болған - министр

Елімізде соңғы 3 жылда 1,5 миллионға жуық әйел кішкентайлы болған - министр
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 08.12.2023 21:47 887

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «AMANAT» партиясының әйелдер қанатының отырысында «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, ведомствоның осы саладағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демографиядағы жетістіктерге және 20 миллион межеге қол жеткізуге назар аудара отырып, министр соңғы 3 жылда 1,5 миллионға жуық бала туған қазақстандық әйелдердің үлесін атап өтті.

Соңғы 6 жылдың ішінде елдегі туу көрсеткіші 7%-ға өсті, жаңа туған нәрестелердің саны 15%-ға артты, әсіресе 2021 жылы шегіне жетті. Жыл сайын біздің 500 мыңға жуық әйел жүкті болып, 99% медицина қызметкерлерінің бақылауында болады, - деп атап өтті А.Ғиният.

Қазақстанда ағымдағы жылы ана өлімінің көрсеткіші 32%-ға төмендеді және бұл соңғы 7 жылдағы ең төмен көрсеткіш.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткендей, қазіргі әлемде балалардың денсаулығына қамқорлық жасау кез келген мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады.

Бағдарламаларды іске асырудың және тиімді саясаттың арқасында соңғы 10 жылдың ішінде ел балалар өлімінің 39%-ға, сәбилер өлімінің 63%-ға 13,6-дан 7,68-ге дейін, неонаталдық өлімнің 50%-ға 1000 тірі туғандарға шаққанда 9,0-ден 4,5-ке дейін төмендеуіне қол жеткізді және Орталық Азия елдерінің арасында ең төмен болып табылады. Дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 12%-ға өсті, шала туған нәрестелердің өлімі жалпы алғанда 2%-ға төмендеді, - деді министр отырыста сөйлеген сөзінде.

Министр балалардың туа біткен патологиясының профилактикасы және алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенінде пренаталдық скринингтің шешуші рөлін атап өтті.

Пренаталдық скринингті жақсарту мақсатында өңірлерде 20 «Ұрықты сақтау» орталығы ұйымдастырылды, халықаралық стандарттарға сәйкес 400-ден астам ультрадыбыстық диагностика дәрігері сертификатталды, 20 дәрігер медициналық генетика бойынша оқытылды, - деді ол.

Сонымен қатар, Министрлік қолжетімділікті жақсарту; ұрыққа жатырішілік хирургиялық араласуды енгізу (Феталдық медицина) үшін «Пренаталдық диагностика жүргізу үшін бір күндік клиника» пилоттық жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Министрлік Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған «Әрбір әйел – әрбір бала» тұжырымдамасының жобасын әзірледі бағдарламаны іске асыру, ең алдымен, жасөспірімдердің денсаулығын: балалар гинекологиясын дамытуды, саламатты өмір салтын насихаттауды, фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайтуды, прегравидалық даярлауды; отбасын жоспарлауды, контрацепцияны көздейді. Сондай-ақ, «Отбасылық ерлі-зайыптылардың денсаулық паспорты» жаңа жобасын әзірлеу және енгізу жоспарлануда, ол некеге тұрғанға дейін қыздар мен ұлдарды ерікті профилактикалық тексеруді көздейді.

Сөзін қорытындылай келе, ведомство басшысы қоғам үшін әйелдердің жақсы денсаулығы басты басымдық, бұл ұрпақтардың әл-ауқаты, ұлт денсаулығы, мемлекетіміздің жарқын болашағы екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға