Жаңалықтар

Елімізде Seoultech жасанды интеллект мектебін іске асырудың бірінші кезеңі басталды

Елімізде Seoultech жасанды интеллект мектебін іске асырудың бірінші кезеңі басталды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 08.07.2023 16:15 1246

Seoultech жасанды интеллект мектебін іске асырудың бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің (SeoulTech) өкілдерімен, SeoulTech информатика және инженерия кафедрасының профессоры, Кванттық жасанды интеллект жаһандық қауіпсіздік орталығының директоры Джесу Киммен және Сонгон Ким жобалау орталығы директорының орынбасарымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн форматта кездесу өткізді.

Сондай-ақ, министр Қазақстанның жоғары білімі мен ғылымында болып жатқан жаңа өзгерістер, дамудың негізгі басымдықтары мен ғылым және жоғары білім министрлігінің жоспарлары туралы атап өтті. 

Министр Үкіметтің жасанды интеллект мектебін іске қосу идеясын қолдайтынын атап өтіп, SeoulТech өкілдеріне Қазақстанда Оңтүстік Кореяның озық тәжірибесі негізінде ақпараттық технологиялар саласын дамытуға қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға