Жаңалықтар

Елімізде салт-дәстүрді насихаттауға арналған 200-ден астам іс-шара өтті

Елімізде салт-дәстүрді насихаттауға арналған 200-ден астам іс-шара өтті
Фото: © Pixabay.com 17.03.2024 07:18 790

Елімізде ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған 200-ден астам іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Тараз қаласында «Ал, қанекей, әжелер» байқауы және «Ұмытылған ою-өрнектер» атты қолөнершілер фестивалі болды.

Барлық кинотеатрлар мен кинозалдарда ұлттық кино апталығы басталады. Республика бойынша өтетін апталық аясында «Қыз Жібек», «Жау жүрек мың бала» және «Томирис» фильмдерінің тегін көрсетілімі ұйымдастырылды.

Қазақстандық авторлар мен суретшілер, мүсіншілер туындыларының тұсаукесері өтеді. Мысалы, Шымкент қаласында қазақстандық суретшілердің «Көктем бояулары» көрмесі ашылды.

Қазақстандықтар халық қолөнершілерінің жәрмеңкелері мен ұлттық тағамдар фестивальдеріне қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға