Жаңалықтар

Елімізде роботтандыру тұжырымдамасы әзірленбек

Елімізде роботтандыру тұжырымдамасы әзірленбек
Фото: islam.kz 22.02.2023 10:11 980

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен министрлікте Роботтандыру тұжырымдамасы талқылауға арналған жиналыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Брейнстормингке «Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, «Qazindusrty» ҚИЭО» АҚ және KUKA Robotics, «Quant Robotics» ЖШС, «Global Robotic Systems» ЖШС  сияқты шет елдік роботтандыру саласындағы ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында роботтандыру саласының басым бағыттары мен кәсіпорындардың негізгі қажеттіліктері, сондай-ақ ел үшін маңызы бар жобаларды мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша роботтарды әртүрлі салаларда пайдалануды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтау арқылы робот интеграторларына жағдай жасау үшін құралдарды жүйелеу туралы шешім қабылданды.

Өз кезегінде Д.Щеглова роботтандыру тұжырымдамасы біздің экономикамыздың дамуындағы маңызды қадам болып табылатынын, бұл өндірістен мультипликативтік әсер алуға мүмкіндік беретінін және елдің дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға