facebook.com/aidarbek

Елімізде Respublica партиясы ресми түрде тіркелді

18.01.2023 17:34

Respublica партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы партияның басшысы Айдарбек Ходжаназаров Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚО-ларының бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз» деп жазды Айдарбек Ходжаназаров әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.