©Pixabay.com

Елімізде қызылша жұқтырғандар саны азайды

16.07.2025 21:45

Алты айдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды. 

31 инфекция, оның ішінде қызылша, көкжөтел 6,8 есе, А вирустық гепатиті 2,4 есе, коронавирустық инфекция 2,1 есе, лямблиоз 30%, аскаридоз 20% төмендеді, - делінген комитет мәліметінде. 

Сонымен қатар есепті кезеңде 24 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф бойынша жағдайлар тіркелмеген.

Қызылшаға қарсы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі шеңберінде 336 мыңнан астам бала, ал көкжөтелге қарсы 480 мыңнан астам бала егілді. Вакцинациялаумен қамту ұсынылған көрсеткіштер шегінде болады.

Сондай-ақ эпидемиологтар атап өткендей, ұлттық иммундау бағдарламасы басымдықтарының бірі адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау болып қала береді. 

11-13 жас аралығындағы қыздарды жоспарлы иммундау шеңберінде вакцинациялаудың бірінші кезеңінен 148 444 қыз, екінші кезеңнен 86 745 қыз өтті.