Жаңалықтар

Елімізде қай вакансияға көп жалақы ұсынылады?

Елімізде қай вакансияға көп жалақы ұсынылады?
Фото: © Pixabay.com 12.02.2024 14:13 1001

Елімізде қай вакансияның жалақысы ең жоғары екені белгілі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаңтар айында электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 97,3 мың бос жұмыс орнын ұсынған.

Ал жұмыс іздеушілер 191,1 мың түйіндеме тастаған. Еңбек етуге ең көп өтініш жазғандар оңтүстік өңірдің халқы: Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы.

Жалақының ең жоғары мөлшерін көбіне өз түйіндемелерінде «үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман» (орта есеппен 1,3 млн теңгеден бастап), «бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі басшы» (1,2 млн теңгеден бастап), сондай-ақ «өндірістік операциялар жөніндегі инженер» (1,2 млн теңгеден бастап) мамандықтары бойынша жұмыс іздеушілер сұраған.

Ең көп жалақыны жұмыс берушілер өндірістегі база бастықтарына (900 мың теңгеден бастап), жобалаушы инженерлерге (800 мың теңгеден бастап) және бас құрылысшыларға (790 мың теңгеден бастап) ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға