Жаңалықтар

Елімізде қарт адамдар қай өңірде көп

Елімізде қарт адамдар қай өңірде көп
Фото: El.kz/Арман Мухатов 30.09.2023 06:34 1257

Елімізде жасы 60-тан асқан 2 616 515 адам бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас тобындағы халық саны 2 616 515 адамды құрады.

Бұл еліміздегі жалпы халық санының 13,2%.

Оның ішінде:

Ерлер – 1 031 051 адам (39,4%)

Әйелдер – 1 585 064 адам (60,6%)

Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласы – 288 922 адам, Қарағанды – 200 186 адам, Түркістан – 190 160 адам және Алматы облыстарында – 177 685 адам.

2022 жылы 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 308,3 мың адамды құрады.

2021 жылмен салыстырғанда былтыр зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8% өссе, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 2022 жылы 9,7% артқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға