Жаңалықтар

Елімізде қанша шетелдік азамат жұмыс істейді

Елімізде қанша шетелдік азамат жұмыс істейді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 24.04.2024 15:51 633

2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 536 шетелдік азамат жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Ол жұмысшылар мынандай санаттарға бөлінеді:

-басшылар мен олардың орынбасарлары (бірінші санат) – 605 адам;

-құрылымдық бөлімшелердің басшылары (екінші санат) – 2 793 адам;

-мамандар (үшінші санат) – 5 914 адам;

-білікті жұмысшылар (төртінші санат) – 570 адам;

-маусымдық жұмысшылар – 2458 адам, ал корпоративтік ауысу аясында – 1196 адам.

Қазіргі уақытта елімізде 1728 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін пайдаланады. Оларда 459 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 99,2%-ын құрайды.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп шетелдік азамат құрылыс (4297 адам) саласында істейді. Одан кейінгі орындарда әкімшілік және қосалқы қызметтер  (1629 адам), ауыл, орман және балық шаруашылығы (1482 адам), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу (1285 адам), өңдеуші өнеркәсіп (1248 адам), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (797 адам) тұр.

Қазақстанға еңбек мигранттары көбінесе Қытайдан (4011 адам), Өзбекстаннан (1577 адам), Үндістаннан (1187 адам), Түркиялдан (1058 адам) келеді.

2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшіне қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға