Жаңалықтар

Елімізде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталады

Елімізде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталады
Фото: ҚР ТЖМ 30.11.2024 23:11 436

Республикада өрттердің алдын алу мақсатында 1 желтоқсаннан бастап төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, айлық шеңберінде жылыту кезеңінен және алдағы мерекелерден (Тәуелсіздік күні және жаңа жыл күні) қауіпсіз өтуге бағытталған іс-шаралар кешені жоспарланған, оның ішінде:

- тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша азаматтарды хабардар ету;

- адамдардың жаппай болуымен объектілерде эвакуациялық жаттығулар өткізу;

- жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша адамдар жаппай болатын объектілердің иелерімен кездесулер өткізу;

- жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар, оның ішінде салют өткізу және пиротехникалық бұйымдарды сату орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізу;

- тұрғын үй қорында өрт хабарлағыштарын, улы газ датчиктерін және газ талдағыштарды орнату мониторингі, сондай-ақ олардың іске қосылу фактілері;

- газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану мәселелерін жарықтандыру.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға