Жаңалықтар

Елімізде онкологиялық көмекті жаңғыртатын жаңа бағдарлама құрылады

Денсаулық сақтау министрлігі көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартады
Елімізде онкологиялық көмекті жаңғыртатын жаңа бағдарлама құрылады
Фото: otyrar.kz 28.02.2023 22:20 846

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда онкологиялық көмекті жаңғыртудың жаңа бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ведомствода мәлім еткендей, онкологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға қабілетті шаралар қолға алынады.

Осы орайда Президенттің тапсырмасы бойынша «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында онкологиялық аурулармен күресудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы әзірленгенін айта кету керек.  

Бұл бағыттардың қатарында қауіп факторларының профилактикасы және басқару, жоғары тиімді ерте диагностика, мамандандырылған емдеуді дамыту, паллиативтік көмек және оңалту, кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту бар.

Медициналық емес мамандықтар (физиктер, дозиметрлер, химиктер) мамандарын даярлау, оның ішінде әлемнің жетекші онкология орталықтарында біліктілігін арттыру көзделген. Ұлттық ғылыми онкология орталығының базасында 2025 жылға қарай клиникаға дейінгі зерттеулер мен ісік геномы зертханаларын құру көзделген.

Өз сөзінің соңында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 2026 жылға қарай Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асырудың кейбір нәтижелері туралы хабардар етті.

Негізгілеріне онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің 100 мың халыққа шаққанда 64,9-ға дейін төмендеуі және бүгінгі таңда 55,3% деңгей кезінде онкологиялық науқастардың  5 жылдан астам өмір сүру ұзақтығын  57,0%-ға дейін ұлғайту жатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға