Жаңалықтар

Елімізде өлім-жітім ең жоғары өңірлер анықталды

Елімізде өлім-жітім ең жоғары өңірлер анықталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 11.04.2024 16:30 981

2023 жылы өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі қай аймақтарда тіркелгені белгілі болды. Деректерді Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылы елімізде 130 686 адам қайтыс болды, оның ішінде 71 439 ер адам, 59 247 әйел. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,11), Шығыс Қазақстан (1000 тұрғынға 11,03) және Қостанай облыстарында (1000 тұрғынға 10,07) байқалды.

Бұл осы өңір тұрғындарының жас ерекшелігіне байланысты, - делінген Бюро хабарламасында.

Өлімнің негізгі себептері қан айналымы жүйесінің аурулары – 22 пайыз, неоплазмалар – 10,5 пайыз, тыныс алу жүйесінің аурулары – 9,9 пайыз, жазатайым оқиғалар, улану және жарақат – 8,4 пайыз және ас қорыту жүйесінің аурулары – 8,1 пайыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға