Жаңалықтар

Елімізде мал басы артты

Елімізде мал басы артты
Фото: ©Pixabay.com 06.12.2024 09:49 978

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда еліміздің ауыл шаруашылығында мал басы мен құс саны артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ірі қара мал (ІҚМ) – 8,2 млн бас (120,6%), оның ішінде сиыр – 4,4 млн бас (123,3%), жылқы – 4,1 млн бас (104,9%), түйе – 2,8 млн бас (104,7%).

Сүт өндірісі 3 млн тоннаға (104,2%) жетті, оның 1,1 млн тоннасы (107,5%) ауыл шаруашылығы құрылымдарында өндірілді.

Тауық жұмыртқасын өндіру 3,7 млрд данаға дейін (100,9%) жетті, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында 3,1 млрд данаға дейін (101,5%) ұлғайды.

Республика бойынша 2024-2025 жылдардағы қыстау кезеңінде 35,2 млн тонна шөп (жоспардың 143,9%-ы), 2 млн тонна пішен (жоспардың 117,9%-ы), 5,1 млн тонна сабан (жоспардың 111,9%-ы), 2,3 млн тонна сүрлем (жоспардың 117,9%-ы), сондай-ақ 5,8 млн тонна жем (жоспардың 104,4%-ы) дайындалды.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемі өнім мен төл алудың жоспарлы көлемін, толыққанды азықтандыруды, сондай-ақ жалпы мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға