Жаңалықтар

Елімізде мәдени мекемелер 78,5 млрд теңгеге қызмет көрсетті

Елімізде мәдени мекемелер 78,5 млрд теңгеге қызмет көрсетті
Фото: El.kz 16.03.2023 17:00 1519

Кітапханалар, архивтер, мұражайлар және басқа да мәдени мекемелердің қызмет көрсету көлемі 16,6% өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың 12 айында архивтер, мұражайлар және басқа да мәдени мекемелер көрсеткен қызметтер көлемі 78,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6% -ға артық. Оның ішінде ауылдық жерлердегі қызмет көлемі – 24,6 млрд тг.

Кәсіпорындардың қызмет көрсету көлемі 78,1 млрд теңгені құрады,оның ішінде 54,8 млрд тг шағын кәсіпорындарға тиесілі, 7,4 млрдтг – ірі, 15,8 млрд тг – орта кәсіпорындарға. Егер қызмет түрлері бойынша қарайтын болсақ, жалпы көлемнің 40% жуығы кітапхана қызметіне, оның ішінде оқу залдарының, дәрісханалардың, демонстрациялық залдардың жұмысына тиесілі –31 млрд тг. Бұдан әрі мұражайлардың қызметі – 18,3 млрд тг, архивтер – 13,1 млрд тг және тарихи орындар – 2 млрд тг, - делінген ақпаратта.

Өңірлік бөліністе қызметтің ең көп көлемі Алматы (8,3 млрд теңге), Астана (5,8 млрд теңге) қалаларында және Түркістан облысында (6,5 млрд теңге) көрсетілді. Ең азы Ұлытау облысында (1,5 млн.тг).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға