Елімізде көтерме сауда көлемі 17, 6 трлн теңгені құрады
04.08.2023 06:25
Фото:
©El.kz/Алишев НҮРКЕН
Қазақстандағы көтерме сауда көлемі алғашқы алты ай ішінде 17,6 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 17 612,4 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,1% артық.
2023 жылғы қаңтар-маусымда Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес Алматы (39,6%) және Астана (15,8%) қалаларына, сондай-ақ Атырау (14,9%), Қарағанды облыстарына (5,2%) тиесілі.
Меншік нысандары бойынша көтерме сауданың 62% жеке компаниялар, 36,9% - шетелдік компаниялар үлесінде. Кәсіпорындардың көлемі бойынша көтерме сауданың көп бөлігі шағын кәсіпорындар арқылы өткен – 75,7%.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

