Елімізде коронавирустан 1 717 адам емделіп жатыр
EL.KZ Информационно-познавательный портал
28.03.2023 10:13
Фото:
El.kz
Өткен тәулікте елімізде 93 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
28 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 717 адам коронавирус инфекциясынан (–1 542+ және 175 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 138 пациент стационарда, 1 579 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

