Жаңалықтар

Елімізде көлікті жалға беретіндер 69,8 млрд теңге табыс тапқан

Елімізде көлікті жалға беретіндер 69,8 млрд теңге табыс тапқан
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 07.12.2023 14:01 2107

Көлікті жалға беру саласында көрсетілген қызметтердің көлемі өсіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік түрлері арасында жалға беру қызметтерінің ең көп көлемі жүк көлігіне тиесілі, үш тоқсанның қорытындысы бойынша жүк автомобильдерін жалға беру көлемі 73,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 47,7% артық.

Тоғыз айдағы жеңіл автокөліктерді жалға беру көлемі 69,8 млрд теңгеге жетті, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғандағы өсім 11,2%. Бұдан кейін құрылыс машиналары мен жабдықтарын жалға алу қызметі, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі қызмет көрсету көлемі 42,7 млрд теңге (22%), ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жалға алу – 2 млрд теңге (+69,5%).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға