Жаңалықтар

Елімізде көкөністердің бағасы күрт өсті

Елімізде көкөністердің бағасы күрт өсті
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 23.05.2024 17:25 557

Қазақстанда соңғы аптада пияз, сәбіз, картоптың бағалары айтарлықтай өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика басқармасының мәліметінше, 14-24 мамыр аралығында пияздың бағасы 6,1 пайызға қымбаттаған. Апта ішінде пиязбен қатар картоп (3,8 пайызға) пен сәбіздің де (1,4 пайызға) бағасы өсті. Бірақ ақ қырыққабаттың бағасы 10,4 пайызға төмендеді. Бұл көкөністердің бір келісінің орташа құны келесідей: пияз – 114 теңге, картоп – 160 теңге; сәбіз – 194 теңге; қырыққабат – 138 теңге.

Басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының арасында күріш (жылына 18,4 пайызға), тұзсыз сары май (11,6 пайызға) және тауық еті (10 пайызға) бағасының өскенін атап өтуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға