Жаңалықтар

Елімізде көмір бағасы қымбаттайды

Богатырь-Көмір разрезінен көмір құны 7 пайызға қымбаттаған.
Елімізде көмір бағасы қымбаттайды
Фото: pravmir.ru 16.08.2022 15:41 2226

1 тамыздан бастап Богатырь-Көмір разрезінен көмір құны 7 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп хабарлайды El.kz.

Вице-министрдің мәліметінше, 1 тамыздан бастап энергия өндіруші ұйымдардың бірі Богатырь-Көмір разрезінен көмір құны 7 пайызға қымбаттаған. Енді 1 қыркүйектен бастап бес пайызға, 1 желтоқсаннан бастап тағы бес пайызға өседі. Жалпы, көмірдің құны 30%-ға дейін көтеріледі.

Бұдан бөлек, 1 шілдеден бастап Қазақстан бойынша тауар газының құны энергия өндіруші ұйымдар үшін орта есеппен 15%-ға өскен.

Электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында оңтүстік өңірде жалпы қуаты 330 МВт болатын «Жамбыл ГРЭС» АҚ 2 энергоблогы пайдалануға берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға