Жаңалықтар

Елімізде ипотека мен тұтынушы қарызын алғандар саны өсуде

Бұл туралы Аlataunews.kz мәлім етті
Елімізде ипотека мен тұтынушы қарызын алғандар саны өсуде
Фото: alataunews.kz 05.03.2023 18:20 2680

Биыл жеке тұлғаларға берілген кредит саны ұлғайып, 14,3 трлн теңге болды, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Жеке тұлғаларға кредиттер 2023 жылғы қаңтарда 0,7%-ға ұлғайып, 14,3 трлн теңгені құрады. Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуі ипотекалық кредиттеудің 0,8%-ға 4,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың 0,6%-ға 7,7 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдайға сәйкес банк секторы бойынша 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздар деңгейі (NPL90+) жалпы несие портфелінің 3,4%-ын немесе 824 млрд теңгені құрады (2023 жылғы 1 қаңтарға – 3,4% немесе 815 млрд теңге)», – делінген Агенттік хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға