Жаңалықтар

Елімізде интернет алаяқтардан зардап шеккендердің қарызы кешірілуі мүмкін

Елімізде интернет алаяқтардан зардап шеккендердің қарызы кешірілуі мүмкін
Фото: pixabay.com 12.11.2024 13:40 385

Қазақстанда банктер мен МҚҰ интернет алаяқтар құрбандарының несиелерін есептен шығаруды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Жоғарғы сот халықаралық кеңесінің отырысында айтылды.

Судьялар қылмыстық кодексте интернет-алаяқтық құрбандарының мүдделерін қорғауға қатысты тиісті бап болмағанымен, жәбірленушілерді қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістері бар екенін атап өтті. Биыл 2022 жылмен салыстырғанда мұндай азаматтық істердің өсімі 270 пайыздан асты.

Азаматтық істер бойынша соттарға талап арыздардың екі санаты беріледі: "дропперлерден" қаржыны өндіру туралы және азаматтардың банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарсы талаптары, – делінген хабарламада.

Жиынға қатысушылар электронды төлем құралдарын пайдалана отырып несие беру саласындағы жауапкершілікті арттыру арқылы қылмыстық заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы ортақ пікірге келді. Сонымен қатар заңнамаға онлайн несие беру кезінде міндетті биометриялық аутентификация және зейнеткерлер мен халықтың осал топтары үшін шектеулер енгізу туралы түзетулер ұсынылып отыр.

Несиенің клиенттің қатысуынсыз алаяқтық жолмен берілгені сот актісімен анықталған кезде несиелік ұйымдар қарызды есептен шығаруға міндеттеледі, бұл жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл норма несиелік ұйымдарды берілген несиелердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға ынталандыруға тиіс, – деп жазылған хабарламада.

Халықаралық кеңес әзірлеген ұсынымдар уәкілетті органдарға жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға