Елімізде гүлдің бағасы қымбаттады ма?
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
07.03.2024 11:00
908
Елімізде гүлдің бағасы бір жылдың ішінде 8,2 %-ке қымбаттады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі еnergyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Қарағанды облысында гүлдің бағасы 41,5 % көтерілді. Одан кейін Алматы облысы (+18,1 %) мен Астана (+14,5 %) тұр. Алматыда бір жылда 1,3 % ғана қымбаттаған.
Ақмола, Жамбыл мен Жетісу облыстарында баға өзгермеген.
Жыл басында раушан гүлдің орташа бағасы 946 теңге болған. Абай облысында – 1,4 мың теңге, Қостанай облысында – 1,3 мың теңге, ал Шығыс Қазақстан облысында бір тал раушан 1,2 теңгеден сатылды.
Ең арзан раушан гүл Шымкентте, бір данасы – 600 теңге. Батыс Қазақстан облысында – 648 теңге, Қызылорда облысында – 667 теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ташкентте "Вe Woman" алғашқы Орталық Азия әйелдер форумы өтті
Келесі жаңалық
Қазақстандық хоккейшілер Канада жастарын ірі есеппен жеңді