Елімізде Ғашықтар күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Қазақстанда 15 сәуірде ғашықтар мерекесі – «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» күні тойланады. 2011 жылдан бастап «Ұлттық ғашықтар күні» аталып өтіледі, дееп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Ғашықтар күніне орай бірқатар іс-шаралар жоспарланған:
«Астана Балет» театры — екі бөлімнен тұратын «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» эпостық балеті;
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры — «Қозы мен Баян» трагедиясы;
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры — «Сезім хаттары» қойылымы;
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры — опера солистері Венера Алпысбаева мен Нұржан Бажекеновтың «Екеуге арналған гармония» атты концерті;
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі — «Махаббат мәңгі ертегі» концерті;
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры — «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасы.
