Жаңалықтар

Елімізде «Ecolife» экочелленджі басталды

Елімізде «Ecolife» экочелленджі басталды
Фото: ivfkz.org 13.06.2023 18:22 772

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы бірлесіп, Астана қаласында өтетін Халықаралық волонтерлер форумы аясында «Ecolife» экочелленджін бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұйым мәліметінше, экочеллендждің мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау, сақтау және аялауды насихаттау.

7 маусымда басталған іс-шара 20 маусымға дейін жалғасып, соңында жеңімпаз анықталады. Креативтілік көрсетіп, тапсырмаларды толық орындаған, «экологиялық» қағидаттарды сақтаған жандар бағаланады.

Экочеллендж аясында Зеренді ауданы Қызыл Кордон ауылында «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисі жобасын іске асырушы «Ұлттық волонтерлік желісінің» жазғы мектебінің волонтерлері мен Қызыл Кордон мектебінің ұжымы мен оқушылары экоакция өткізді. Олар Қызыл Кордон мектебінің ауласына ағаштар отырғызып, суарып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ аймақтағы орманды қоқыстан тазартты. 

Бұл біз үшін зор тәжірибе болды. Волонтерлер мен біздің қызметкерлер, оқушылар танысып, бір-бірімен ақпарат алмасты, көп нәрсе үйренді. Біздің жетекшілер волонтерлерге ағашты қашан және қалай отырғызу керек, баптау жолдары қандай екендігін айтып берді. Алдағы уақытта да көмек беруге дайын. Мұндай шаралар экологиялық әл-ауқатты жақсартып, өскелең ұрпақты табиғатты құрметтеуге тәрбиелейді. Сондықтан экоакциялар жүргізіліп жатқанына қуаныштымын, - деді Қызыл Кордон мектебінің директоры Наталья Соболева. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға